Бүгін колледж студенттері педагог-ұйымдастырушы Б. Каумешовтің жетекшілігімен “Анаға тағзым” ғимаратындағы Бақытты отбасы орталығына саяхаттап барды.
📌Қиын жағдайда қалған отбасыларға, мүмкіндігі шектеулі жандарға жан-жақты қолдап заңгерлік көмек, тігін, қол өнер бөлмесі, әкелер, аналар бөлмесі, шаш сәндеу, фитнес залы, тіл дамыту, психолог мамандар ақысыз көмек көрсететініне тоқталған Ақтөбе қаласы, ішкі саясат бөлімінің басшысы Ботакөз Бисенова орталық жұмысымен кеңінен таныстырды.